2023 жылғы 14-18 тамыз аралығында «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» КЕАҚ-да 40 сағат көлемінде «Емдік дене шынықтыру» тақырыбы бойынша жұмыс орнында тағылымдама өтті. Физикалық медицина және оңалту бөлімінің меңгерушісі Искулова Асыл Ерғазықызы өткізді.
Тағылымдамадан Қызылорда қаласы «University Medical Center» корпоративтік қорының Қызылорда филиалының ЕДШ нұсқаушылары Мақсат Айтолқын Мақсатқызы және Қуаныш Әсет Берікұлы өтті.
Сабақ барысында олар оңалту, гониометрия, неврологиялық аурулар, ортопедиялық патологиялар кезіндегі кинезотерапия, кезең – кезеңмен түзету және т.б. тақырыптармен танысты.
Соңында ҰБОО ЕДШ аға нұсқаушысы Бақтияр Өмірбеков қатысушыларға трейсер өткізіп, сертификаттар берді.