«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ
Емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
№ Атауы |
1. Ата-анасының төлқұжаты немесе жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі) |
2. Балаға нотариалды куәландырылған сенімхат (егер күтім жасайтын тұлға ата-анасы болмаса). |
3.Емдеуге жатқызуға жолдама, жоспарлы емдеуге жатқызу талоны |
4.Баланың даму тарихынан толық үзінді |
Зертханалық талдаулар және балаға қажетті құжаттар |
5.Жалпы қан талдауы (мерзімі 10 күн) |
6.Жалпы зәр талдауы (мерзімі 10 күн) |
7.Тамақтың және мұрынның BL жағындысы (дифтерия), нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды |
8. Сальмонеллезге арналған нәжістің бактериологиялық талдауы (тек 2 жасқа дейінгі балалар), нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды |
9.Құрт жұмыртқасына/энтеробиозға талдау (нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды) |
10. Құрт жұмыртқасына нәжісті талдау (нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды) |
11.14 жасқа дейінгі балаларға фтизиатрдың қорытындысы (туберкулезге қарсы диспансерден) |
12.15 жастан бастап балаларға рентгенологтың немесе фтизиатрдың қорытындысымен (туберкулезге қарсы диспансерден) кеуде қуысы мүшелерінің флюорографиясы/суреті (көшірмесі) |
13.Профилактикалық егулер туралы деректер (көшірме) |
14. Эпидемиологиялық орта туралы анықтама (3 күн жарамды) |
Балаға күтім жасайтын ата-аналар үшін зертханалық талдаулар және қажетті құжаттар |
1. Тамақтың және мұрынның BL жағындысы (дифтерия), нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды |
2.Сальмонеллезге арналған нәжісті бактериологиялық талдау (нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды) |
3. Құрт жұмыртқасына нәжісті талдау (нәтиже берілген күннен бастап 10 күнге жарамды) |
4. Рентгенологтың қорытындысымен немесе фтизиатрдың қорытындысымен (туберкулезге қарсы диспансерден) кеуде қуысы мүшелерінің флюорографиясы/суреті (көшірмесі) |
5. Микрореакцияға қан тапсыру (мерзімі 10 күн) |
6.1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған дерматологтың қорытындысы (балалармен бассейнге бару үшін) |
7.1 жастан 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-анаға тазалық дәрежесіне жағынды талдауының нәтижесімен гинеколог/урологтың консультативтік парағы (балалармен бассейнге бару үшін) |
8.Өзіңізбен бірге: купальник, қалпақ, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-анаға сланцы (балалармен бассейнге бару үшін) |
Ескерту:
1.Созылмалы патология болған жағдайда мыналар болуы қажет: бейінді маманның консультациясы, онда созылмалы патологияның сатысы, ұсынымдар және оңалту еміне қарсы көрсетілімдердің болмауы көрсетілуі тиіс.
- Рентген, КТ, МРТ-сурет, ЭЭГ қорытындысы және басқа зерттеулер болса дәрігерге қабылдау кезінде беру.
- Бала мен балаға күтім жасайтын тұлға маусымға байланысты аяқ киіммен және киіммен, ауыспалы тайғақ емес аяқ киіммен (өкшесі жабық), іш киімнің 4-5 ауысымымен, қол орамалмен, спорттық формамен, балаға арналған шомылу костюмімен (гидропамперс, қалпақ және көзілдірік), дәретхана керек-жарақтарымен (сабын, тіс щеткасы, паста, сусабын, тарақ және т. б.) қамтамасыз етілуі тиіс.), арба.
- Өзіңізбен бірге мектеп кітаптары мен дәптерлерін алып келіңіз (бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар өзіңізбен бірге, жоғары сыныптарға арналған математика, орыс тілі, ағылшын тілі, химия, физика, биология, тарих).
- ЦП ауыратын балалар (спастикалық формада) және спастикамен бірге жүретін басқа ауруларға (GMFCS III-V деңгей шкаласы бойынша) жамбас буынының R-графиясы (емдеуге жатқызу кезінде 1 жылдан аспайтын мерзім), ортопедтің консультациясы (мүмкіндігінше) өзімен бірге әкелуі қажет.
- 7,8 пункт орындалмаған жағдайда күтім жасайтын тұлғаның балалары бассейнге бара алмайды!