Пациенттердің құқықтары мен міндеттері
Ұлттық балаларды оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) медициналық көмек және қызмет көрсету кезінде пациенттер мен олардың отбасыларының құқықтары мен міндеттерін қолдау үрдістерін жүзеге асыруға міндетті.
Көрсетілетін медициналық көмек және қызмет пациенттерге деген ықылас пен сыйластық тұрғысында ұйымдастырылады және пациенттердің жеке бостандығы, абыройы, жеке пікіріне қолдау көрсетіледі.
Медициналық көмек пен қызметтер пациенттердің Орталықтың миссиясы мен қызметтері арқылы ең жоғары әлеуметтік, физикалық және функционалдық деңгейге жету қабілетін қолдайды.
Медициналық көмек пен қызметтер пациенттердің жеке өміріне құрметпен қарайды.
Пациент Орталықта болған кезінде өзінің жеке заттары мен дүние-мүлкін ұстап қолдануға, оларды ұрлаудан сақтануға, жоғалту мен бұзылудан сақтауға құқылы. Сақтауға тапсырылмаған бағалы заттардың жоғалғаны үшін Орталық қызметкерлері жауапкершілік алмайды.
Орталық пациенттің жақсы жағдайы мен құрметіне ықпал ететін ортаны қамтамасыз етеді.
Орталық пациенттің отбасы мүшелері мен көңілін сұрап келушілермен байланысын қолдайды.
Орталық пациенттің мекемеден тыс жердегі қарым-қатынасын қолдайды.
Пациенттің рухани, әлеуметтік және басқа да қызметтер мен топтарға қатысуы немесе қатыспауы туралы шешіміне қолдау көрсетіледі.
Пациент немқұрайды қараудан, қанаудан, қатігездіктен жапа шегуден қорғауға құқылы.
Пациент туралы ақпарат құпия болып табылады және жоғалтудан немесе дұрыс пайдаланбаудан қорғалған.
Орталық пациенттердің және олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек пен қызметке қатысу құқығын қолдайды.
Орталық медициналық қызмет, емдеу және оңалту әдістері туралы және медициналық күтім мен қызмет барысына қалай қатыса алатыны жайлы пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне түсінікті тілде және тиімді тәсілмен жеткізеді.
Орталық емдеу және оңалтуға келісім бермеу немесе тоқтатуға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы пациенттер және олардың отбасы мүшелерін хабардар етеді.
Орталық пациенттер және олардың отбасы мүшелерінің емдеу және оңалту барысын өзгертуге қатысты шешім қабылдауға қатысуына қолдау көрсетеді.
Орталық пациентке қызмет көрсету барысында туындайтын арыз, жанжал және келіспеушілік туралы хабардар болу және оны қарастыру үрдісі туралы және пациенттің ол үрдіске қатысу құқығы туралы пациенттер және олардың отбасы мүшелеріне ақпарат береді.
Орталық пациенттер және олардың отбасы мүшелеріне Орталықтың пациентке көрсететін медициналық күтіміне және қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын ұйымдасқан топ ретінде кездесуіне мүмкіндік береді.
Пациенттерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат түсінікті тілде, тиімді тәсілмен жеткізіледі.
БОҰО пациенттерінің міндеттері:
өз денсаулығын қорғауға мүдделі болу;
өз денсаулығын сақтап нығайтуға шара қолдану;
пациент өзімен бірге әкелген дәрі-дәрмекті дәріханаға тапсыруға міндетті;
медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік таныту;
дәрігерге диагноз қойып сырқатты емдеуге қажетті барлық ақпаратты беру. Медициналық емге келісім берген соң емдеуші дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау;
ішкі тәртіпке бағыну, Орталықтың мүлкін сақтау, медициналық және оңалту қызметін қабылдау кезінде оңалтушы қызметкерлермен әріптестік тұрғыда жұмыс істеу;
медициналық қызмектерлерге өзінің инфекциялық сырқаттар және қоршаған жұртшылыққа қауіпті ауру түрлерімен науқастанғаны туралы ақпарат беру;
басқа пациенттердің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекет етпеу;
күтім көрсетуші тұлғалардың балаларды қараусыз қалдырмауы;
бөлімшеде ұқыпты киіммен және ауыстырылатын аяқ киіммен жүру;
процедураларға, сабаққа, тамақтануға бару кезінде арнайы белгіленген уақыт аясынан шықпау;
бөлмеден шыққан және кірген кезде бөлімшеге және бөлмеге кіреберісте орналасқан арнайы ерітіндімен қолды тазалау;
баланың қолындағы идентификациялық браслетті шешпеу, ол бүлінген жағдайда мейіргерге хабарлап, ауыстыру;
Орталықта тыныштық сақтау;
бөлме мен бөлімшеде тазалық сақтау;
кәрізді бітеп тастайтын қоқыс пен қалдықтарды санитарлық торапқа тастамаңыз;
сұйық ас қалдықтарын қоқыс шелегіне құймау;
тоңазытқышқа салынған азық-түліктің салған уақытын белгілеп қою;
кесетін, түйрейтін заттарды, дәрілерді, құжаттарды, бағалы заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстау;
бөлмеден шығарда электр жарығын өшіру;
тек белгіленген уақытта аулада серуендеу, ал Орталық сыртына тек бөлімше меңгерушісінен жазбаша рұқсат алған жағдайда ғана шығу;
аулаға шыққанда ауыстырылатын аяқ киім кию;
аулада арбамен серуендеп келгеннен кейін оның дөңгелектерін жуу;
бөлмеде электр аспаптарын қолдануға тыйым салынады (шәйнек, үтік, т.б.);
кешкі ұйқыға жату уақытынан кейін басқа бөлмелерге баруға тыйым салынады;
Орталық ішінде және сыртқы аумағында шылым шегіп, спирттік сусындар ішуге қатаң тыйым салынады.
Орталықта болу ережесін бұзған жағдайда пациент шығару эпикризіне сәйкес ескерту жазылып шығарылады.