Ұлттық балаларды оңалту орталығында ақылы медициналық қызметтердің құны қандай?
Құны дәрігердің мамандануына байланысты. Қызметтердің құны сайтта ұсынылған:
Ұлттық балаларды оңалту орталығына оңалту еміне қалай орналасуға болады?
Жауап: Екі жолы бар: 1). Тұрғылықты жері бойынша квота (МӘМС) алу; 2). Алдын ала жазылу бойынша ақылы негізде (байланыс телефондары +7(717) 251 15 55 немесе +7 (717) 251 16 12).
Емдеуге жатқызу үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап: Құжаттар тізімі баланың жасына байланысты, сонымен қатар күтім жасайтын тұлғаға арналған жеке тізім бар. Бұл ақпаратты Сіздің учаскелік педиатр, жалпы тәжірибелік дәрігер немесе тұрғылықты жеріңіздегі емханада немесе осы жерде жалпы тәжірибе дәрігері ұсынады.
Ұлттық балаларды оңалту орталығына оңалту еміне квота қалай алуға болады?
Жауап: Сіз учаскелік дәрігерге, ауру профилі бойынша маманға және тұрғылықты жері бойынша емхана меңгерушісіне хабарласуыңыз керек.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы қандай оңалту қызметтерін ұсынады?
Жауап: Балалар мен ересектерге кеңес беру және оңалту емі: Балалар неврологы, ересектер неврологы, нейрореабилитолог, педиатр, реабилитолог, физикалық медицина және оңалту дәрігері (ЕДШ, физиотерапия, гидрокинезотерапия, роботты кинезотерапия – Локомат, Армео, Космос, постурография), диетолог дәрігер, сурдолог дәрігер, функционалдық диагностика дәрігері (ЭЭГ, кетогендік диета), психотерапевт дәрігер, тірек-қимыл және логопедиялық түзету, психоэмоционалды биологиялық кері байланыс кабинеттерінің дәрігерлері, түзету педагогтары (эрготерапевт, логопед, психолог, дефектолог, ойын терапеві, музыкалық терапевт, Монтессори-педагог, сурдопедагог), ортездеу (ұлтарақ, ортездер, корсеттер), әлеуметтік бейімделу (еңбек, автодром, қысқы бақ).
Оңалтуды жүргізуге қарсы көрсетілімдер бар ма?
Ұлттық балаларды оңалту орталығы мен ұқсас мекемелердің айырмашылығы неде?
Жауап: Орталық Қазақстан мен Орта Азиядағы оңалтудың барлық үш аспектісін: медициналық оңалтуды, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімдеуді ұсынатын жалғыз мекеме болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық балаларды оңалту орталығы 2014 жылдан бері JCI (АҚШ) Халықаралық денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясымен аккредиттелген және 2017 және 2021 жылдары өзінің мәртебесін растаған жалғыз оңалту орталығы болып табылады. Осы стандартқа сәйкес Орталықта халықаралық деңгейдегі медициналық қызметтердің жоғары қауіпсіздігі мен сапасы қамтамасыз етіледі.
Сіздерде күтім жасайтын тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріле ме?
Жауап: егер пациентпен тәулік бойы бірге жүретін адам болса, жұмыс істейтін адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұсыну мүмкіндігі бар бұл туралы Орталықта болған алғашқы күндері сіз дәрігеріңізге хабарлауыңыз қажет.
Оңалту көлемін, процедуралардың реттілігін кім анықтайды?
Жауап: емдеуші дәрігер мен көпсалалы мамандар тобы және пациентке күтім жасайтын тұлғамен бірге.