«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ блог-платформасына қош келдіңіздер. Бұл жерде сіздер өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікір, ұсыныс қалдыра аласыздар, сондай-ақ балаларды оңалтудағы өзекті мәселелер бойынша ой бөлісе аласыздар.
Осы интерактивті ресурс арқылы диалог пен кері байланыс орнату еліміздегі балаларды оңалту ісінің дамуына ықпал етеді деп сенемін. Сұрақтарыңызға онлайн режимде жауап береміз, олардың ешбірі менің назарымнан тыс қалмайды және міндетті түрде қаралады.
Біздің интерактивті қарым-қатынасымыз табысты әрі нәтижелі ынтымақтастықтың кепілі бола отырып, орталығымыздың тиімді қызмет етуіне септігін тигізеді деп үміттенемін.
Оңалту емі жүйке жүйесі аурулары немесе жарақат салдарынан туындаған физикалық, сөйлеу, когнитивтік немесе психикалық-эмоциялық дамуында бұзылыстар байқалған жағдайда қажет.
Егер балаңызда:
– сөйлеу, қимыл-қозғалыс немесе өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының дамуы кешеуілдесе;
– қимыл-қозғалыс кезінде, жүргенде үйлесімділікті, тепе-теңдікті сақтауда қиналса;
– аяқ-қолы әлсіз, бұлшықет тонусы төмен болса немесе керісінше, шамадан тыс тырысуы байқалса;
– есту қабілеті бұзылса, психоэмоционалдық жағдайы немесе мінез-құлқында ауытқу байқалса;
– бассүйек-ми немесе жұлын жарақаттары салдарынан, сондай-ақ туа біткен патологиялары болса, невропатологқа немесе тиісті бейіндегі басқа маманға қаралуы қажет.
Қарап-тексеріп, диагнозын анықтағаннан кейін дәрігер баланың жағдайына байланысты оңалту курсын тағайындауы мүмкін. Оңалтуды уақытылы бастау — баланың жағдайын жақсартып, дамуын қолдауға үлкен мүмкіндік береді.
Орталықтың бөлімшелерінде 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға келесі неврологиялық патологиялар бойынша кешенді оңалту көмегі көрсетіледі:
– Сал ауруы (церебралды паралич)
– Бассүйек ішіндегі жарақат салдары
– Жұлын жарақаттының салдары
– Аяқ-қол нервтерінің жарақаттан кейінгі бұзылыстары
– Жекелеген нервтердің, нерв түбіршектері мен өрімдерін зақымдануы, полинейропатия
– Орталық жүйке жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі жағдайлар
– Салдану синдромы
– Ми қанайналымы бұзылуының салдары
– Жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары
– Сөйлеу мен тіл дамуының басқа бұзылыстары
– Психологиялық дамудың бұзылыстары
– Аутизм спектрінің бұзылыстары
– Нейросенсорлық мүкістік, кохлеарлы имплантациядан кейінгі жай-күй
– Даун ауруы
– Жүйке-бұлшықет синапсы мен бұлшықет аурулары
Орталықта пациенттерге медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту үшін пациенттерді қолдау қызметі ұйымдастырылған.
Пациенттерді қолдау Қызметіне Сіз мына телефон бойынша қоңырау шала аласыз: 511-545, 09:00-ден 17:00-ге дейін (түскі ас 12:30-13:30)
Электрондық пошта:
kense@nccr.kz
Комплаенс офицер туралы ақпарат:
Ахметова Назира Сериковна
Телефон: 8-708-969-70-78
Электрондық пошта:
naziraahmetova@gmail.com
Деректерді орналастыруға жауапты:
Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары - Лариса Павловна Павловец
Телефон: 8-(7172)-511-548
Электрондық пошта:
la.pavlovets@nccr.kz
Ақпаратқа қол жеткізуге уәкілетті тұлға:
Стратегиялық даму және маркетинг бөлімінін басшысы - Мейрам Жамбылулы Шакенов
Телефон: 8-(7172)-511-544
Электрондық пошта:
me.shakenov@nccr.kz