2025 жылғы 5 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылығы, барлық өңірдің бас штаттан тыс балалар реабилитологтары, Ұлттық балаларды оңалту орталығының (ҰБОО) басшыларының қатысуымен балаларды оңалту қызметі бойынша кезекті онлайн жиналыс өтті.
Жиналыс қызметтің кадрлық мәселелеріне арналды. Кадрлармен қамтамасыз етілу жағдайы туралы баяндамалар тыңдалып, ҰБОО және Астана медицина университетінің спорттық медицина және оңалту кафедрасы базасында өткізілетін көпсалалы оңалту тобы мамандарына арналған білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Кездесуде «ҰБОО» КЕАҚ Басқарма төрағасының медицина жөніндегі орынбасары Алтынбекова А.Т., ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар реабилитологы Шакенов М.Ж., спорттық медицина және оңалту кафедрасының доценті Тайтубаева Г.К. сөз сөйледі.
Талқылау барысында баяндалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.