Қазақстандағы балаларды оңалту саласындағы жаңа мүмкіндіктер!
2024 жылдың желтоқсан айында Сиань қаласындағы (Қытай) бас миын емдеу саласындағы дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасымен меморандум аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО) мен Сиань қаласындағы бас миын емдеумен айналысатын дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы және Шэньси провинциясының дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Бұл іс-шараның маңыздылығын атап өту қажет, себебі алғаш рет Қазақстанның ҰБОО – да жинақталған тәжірибесі шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырды.
Қытайлық әріптестер біздің қазақстандық мамандардан неврологиялық аурулары бар балаларды оңалту әдістері мен стандарттарына үйренуге, сондай-ақ қытай медицинасымен өз тәжірибесімен және әлеуетімен алмасуға дайын.
Қытайлық мамандардың тағы бір ұсынысы — біздің мамандарды қытай дәстүрлі медицинасына тегін оқытуға дайын екендіктері. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдармен және ҰБОО мамандарымен бірге аутизм, церебральды сал ауруы сияқты аурулар бойынша бірлескен ғылыми-клиникалық зерттеулер жүргізіледі.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- Екі ел мамандары арасында тәжірибе мен білім алмасу;
- Аутизм, церебральды сал ауруы сияқты диагноздары бойынша ғылыми-клиникалық зерттеулер жүргізу;
- ҰБОО орталығында неврологиялық аурулары бар балаларға көмек көрсету үшін қытай медицинасы орталығын құру.