Меморандум аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығына «Өмірге сен» қоры арқылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның қолдауымен жалпы құны 5 миллион теңгеден астам 3 заманауи құрылғы сыйға тартылды!
Бұл инновациялық құрылғылар балалардың оңалту сапасын жақсартуға және олардың қалпына келуіне әрі толыққанды дамуына көмектеседі.
✅ Жоғарғы аяқ-қолдардың интеграциясын және когнитивтік функцияларды оқыту жүйесі
Бұл реабилитациялық кешен түрлі неврологиялық аурулары бар балаларға арналған, мысалы, ми қан айналымының бұзылуының салдарынан, церебралды сал ауруы, жоғарғы аяқ-қол нервозы. Бұл құрылғы бұлшықеттердің күшін, төзімділігін, буындардың қозғалғыштығын және саусақтардың сезімталдығын жақсартып, жоғарғы аяқ-қолдардың функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.
✅ Жүруге арналған тренажер
Бұл құрылғы омыртқа және қозғалыс аппаратының бұзылуы бар науқастарға арналған. Ол дененің барлық бұлшықеттерін іске қосып, жүріп өтуді имитациялап, қан айналымын, тыныс алу функциясын жақсартып, бұлшықеттерді нығайтады. Тренажер остеопороз бен инфекциялардың алдын алады, сондай-ақ науқастың психоэмоционалдық жағдайын жақсартады.
✅ Церебральды сал ауруы бар балаларға арналған иппотренажер
Бұл құрылғы баланың қозғалыс координациясын жақсартуға және әлсіреген бұлшықеттерін нығайтуға арналған. Шынайы түрде атқа мінгендей болатын серуенді имитациялап, дене бұлшықеттерін, аяқ-қолдарды, қозғалыс аппаратының қызметін белсендіреді. Тренажер оң эмоциялық жағдай тудырып, оңалту процесін жылдамдатуға көмектеседі.
«Қазақстанның Даму банкі» -не балалардың оңалтуын дамытуға және орталығымызды қолдауға қосқан маңызды үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз! 🙏