Бүгін Отбасы күні қарсаңында Ұлттық балаларды оңалту орталығында әлеуметтік-тұрмыстық оңалту бөлімінің эрготерапевті Ақбаян Есілбаева «Үйдегі ауа райы» тақырыбында ерекше сабақ өткізді.
Сабақ бірнеше кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы балаларға отбасылық өмірде көмектесетін маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған:
✅»Кесу-жеу»: бұл кезеңде балалар ас үй құралдарын қолданып, туралған көкөністерді әдемі етіп безендіруді үйренді. Бұл практикалық дағды балаларға үйде тамақ дайындауға көмектеседі.
✅ «Шебер саусақтар»: осы кезеңде ұсақ моториканы дамытуға, сондай-ақ көз бен қолдың жұмысын жақсартуға арналған жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулар зейіннің тұрақтылығын жақсартуға көмектеседі.
✅ «Менің сыйлығым»: сабақ соңында балалар үйде жақындарына сыйлықтар жасай отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл олардың шығармашылығын дамытып қана қоймайды, сыйлықтары арқылы отбасылық қарым – қатынасты нығайтады.
Бұл сабақ балаларға пайдалы дағдыларды үйренуге тамаша мүмкіндік болды, бұл олардың күнделікті өмірінде және отбасылық ортада пайдалы болатыны сөзсіз.