«Балбұлақ» тобының пациенттері Ұлттық музейде экскурсияда

19 қаңтар күні «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-да ем алып жатқан балалар еліміздегі бас музейді аралап, түрлі жәдігерлерді қызықтады. Осылайша балалар ем-шаралардан бөлек әлем тарихына сапар шегіп, динозаврларды қызықтап, ел қазынасына айналған экспонаттарды тамашалады. Республикадағы ең ірі реабилитациялық орталық өз пациенттерін әрқашан осылай қуантып, ұмытылмас әсер сыйлауға қашанда дайын.