2025 жылғы 9 ақпанда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген, Ұлттық балаларды оңалту орталығында ем алып жатқан ерекше балалар ата-аналарымен және қызметкерлермен бірге Астана қаласының Бас мешітіне барды.
Басқарма төрағасы А. Ғ.-ның бастамасымен және «Аманат» партиясының қолдауымен науқас балалар жайлы автобуста жеткізілді.
Мешітте оларды гидтер жылы қарсы алып, қызықты экскурсия өткізді. Балаларға мейірімділік пен үлкендерді құрметтеудің маңыздылығы туралы айтылды. Олар мешіттің әрбір бөлшегін қызығушылықпен зерттеп, қайта келуге ниет білдірді.
Бұл сапар балалар үшін тек қызықты саяхат қана емес, сонымен қатар рухани және мәдени білімдерін байытуға мүмкіндік берді. Осындай әсерлі сәттер балаларымызды қуантып, олардың сауығуы мен оңалуында маңызды рөл атқаратынына қуаныштымыз.