Ұлттық балаларды оңалту орталығының пациенттері Ұлттық мұражайға саяхат жасады.

2024 жылғы 3 тамызда Ұлттық балаларды оңалту орталығының пациенттері ем алғаннан кейін Қазақстанның Ұлттық мұражайына экскурсияға барды. Іс-шараға 60 бала, олардың аналары мен Орталық қызметкерлері қатысты.

Көлемі 74 000 ш. м. және жеті блоктан тұратын Қазақстанның Ұлттық мұражайы балаларға жалпы ауданы 14 000 ш.м. астам 18 экспозициялық зал бойынша қызықты экскурсия ұсынды.

Экскурсия балалардың тарихи ескерткіштер мен мәдени мұраларға деген қызығушылығын тудырды. Экскурсоводтар қызықты әңгімелер айтып, барлық сұрақтарға жауап берді, бұл сапарды одан да мазмұнды және қызықты етті. ҰБОО педагогтарының айтуынша, мұндай сапарлар балалардың ғылым мен тарихқа деген қызығушылығын ашуға, сондай-ақ патриотизм сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.

Экскурсия барысында балалар біздің мемлекетіміздің тарихымен — алғашқы қауымдық жүйеден қазіргі заманға дейін ақпаратпен танысты. Олар этнография, палеонтология және археология залдарына барды, бұл оларға ұмытылмас сәт және мұражай заттары мен экспонаттары туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.

Педагогтар мұндай іс-шаралар балалардың қызығушылығы мен патриоттық сезімдерін оятатының атап өтті. Олар балалардың бәрін өз көздерімен көргенде ақпаратты қабылдауы әлдеқайда жақсы екенін айтты.

Экскурсиядан кейін балалармен әңгіме жүргізілді, онда олар өз әсерлерімен қуана бөлісті. Балалар көптеген танымдық ақпаратты білгендерін және мұражайға барудан үлкен әсер алғанын атап өтті.

Бұл экскурсия балаларға қуанышты эмоциялар сыйлағанына  қуаныштымыз!