Ұстаздар күні

Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында Ұстаздар күніне арналған салтанатты концерт өтті🥳📚

ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният Әлеуметтік-педагогикалық оңалту басқармасыдағы барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ол мұғалімдердің еңбегі баға жетпес екенін, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі, ерекше балаларды тәрбиелеу мен дамытуға қосқан үлесін атап өтті✨

Ерекше балаларға – білім мен нұр сыйлау, балалардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмектесу бұл біздің ұстаздарымыздың еңбегі.

Ажар Ғиният өз құттықтауында ұстаздарға табыс және игі істеріне шабыт тіледі🙌🏻

Іс-шара мектеп жылдарындағы сағынышқа толы жылы, шынайы атмосферада өтті📚

Ұстаздар күніне орай ұстаздар мен мектепке арналған әндер шырқалып, олардың еңбегіне деген ерекше алғыс пен ризашылық білдірді🎊🔔