Тәуелсіздік күні

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығында салтанатты марапаттау шарасы өтті.🇰🇿

«Еңбек ардагері» медалімен орталықтың дамуына қосқан көп жылғы еңбегі мен зор үлесі үшін екі қызметкер марапатталды.

🎖️Несібелі Ирманова – экономикалық жоспарлау бөлімі менеджері
🎖️Ұлжан Шайхиева – шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің агрономы

Сонымен қатар, орталықтың көптеген қызметкерлері Басқарма төрағасы Ажар Ғиниятқызының атынан «Алғыс хат» алды.