Емдік дене шынықтыру (войта терапиясының элементтері, Бобат терапиясы және PNF терапиясы) тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтуде

2024 жылғы 13 мамырда Ұлттық балаларды оңалту орталығында Емдік дене шынықтыру (войта терапиясының элементтері, Бобат терапиясы және PNF терапиясы) тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру бойынша оқыту бағдарламасы басталды. Цикл ұзақтығы 4 кредит / 120 сағат.

Білім беру бағдарламасының мақсаты-қазіргі заманғы әдістерді: Войта-терапия, Бобат-терапия, PNF-терапия және т. б. тереңдете оқытып дене шынықтыру және медицина бойынша білімді, дағдыларды, құзыреттілікті жетілдіру.

Танысу барысында ғылым және білім басқармасының бастығы б.ғ.д., профессор Б.С. Имашева тыңдаушыларды курс бағдарламасымен, оқу барысында Орталықта болу ережелерімен таныстырды.

Курс теориялық дәрістерден, интерактивті презентациялардан, бейне сабақтардан, тесттер мен ситуациялық тапсырмалардан, ішкі курстық жұмысты дайындаудан тұрады. Оқу аяқталғаннан кейін: біліктілік кешенді пәнаралық емтихан формасында тыңдаушыларға қорытынды онлайн аттестаттау өткізіледі.

Біліктілікті арттырудан Қазақстанның әртүрлі медициналық ұйымдарынан мейіргерлер, фельдшерлер, ЕДШ нұсқаушылары физиотерапевттер өтеді (“Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ КМК, Қызылорда қ., “Бәйтерек “күндізгі болу орталығы” КММ, Талдықорған қ., “Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ медициналық университетінің клиникасы ШЖҚ МКК Қарағанды қ.,) №2 оңалту орталығы”, Шымкент қ., Жамбыл облысы ДСБ “Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы” ШЖҚ КМК және т. б.)

Бағдарлама аяқталғаннан кейін тыңдаушыға біліктілігін арттыру туралы куәлік беріледі.