Ұлттық балаларды оңалту орталығында 1 маусым- Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» атты мәдени іс – шара ұйымдастырылды.
ҰБОО басқарма басшысы Ажар Ғиният құттықтау сөз сөйледі:
- Барлық балалардың дендері сау болсын, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Үлкен азамат болып ата-аналарыңызды, елімізді қорғайтын балалар бөліп өсуге тілектеспін, бақытты балалалық шақ тілеймін. Бүгін концерт сіздер үшін.
Мерекеге бір қатар қонақтар келіп, өз үлестерін қосты:
-Астана қаласы “Нұра” ауданы әкімінің орынбасары Әлия Абсеметова балаларды мерекемен құттықтап, орталық кітапхана қорына кітаптар табыстады.
- «Мақсатымыз жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды оқуға шақыру», – деді Әлия Абсеметова.
-«Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілі Гульнара Такенова балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға тәтті сыйлық табыстады.
–№1 балалар музыка мектебінің оқушылары да өз өнерлерін ортаға салып ән айтып би биледі;
-Республикалық «Қуыршақ» театры әртістері «Қаңбақ шал» қойылымымен балаларға керемет көңіл күй сыйлады;
–Назарбаев интелектуалды мектеп оқушылары Қадам бөліміне сабақ кезінде пайдалануға арналған көптеген ойыншықтар табыс етті.
Орталықта ем алып жатқан балалар және осы кезенде тәлім тәрбиемен сусындатқан педагогтар «Балдәурен» әнімен флешмоб ұйымдастырды.
Ерекше балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, игілікті шара арқылы демеуші болып ата-аналар мен балалардың жүздеріне қуаныш сыйлағандары үшін «Қазақстан Халық Банкі» қызметкерлеріне, «№1 Балалар музыка мектебі» және «Қуыршақ» театры ұжымына, Назарбаев интелектуалды мектеп оқушыларына Ажар Ғиният ризашылығын білдіріп Алғыс хаттар табыс етті.
Мереке жалғасы орталықтың аланыңда психолог қызметкерлері балалармен “Менің бақытты әлемім” атты асфальтта сурет сайысын өткізді. Оған барлық балалар мен ата аналары қатысып, керемет әсер алды.