«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», -дейді дана халық.
Бүгін мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақ ақыны
Ринат Заитов орталық кітапхана қорына 70 тен аса кітап сыйлады.
Мұхтар Шаханов, Мырзатай Жолдасбеков, Сара Тоқтамысова және т.б. атақты жазушылар мен ақындардың шығармаларымен танысуға болады.
Бұл кітаптар балалардың рухын көтеріп, күш-жігерін арттырып, ерекше патриоттық сезімге бөлейтініне сенеміз.
Балалар 24 күн ішінде ем алумен қатар кітаптарды оқиды, оларға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.
Біз Ринат Рифхатұлына үлкен алғысымызды білдіреміз, сыйға берген әр кітабы өз оқырманын табады деген сенімдеміз.
Айта кетейік, кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы миды жаттықтырып, есте сақтау қабілеті де артады.
Жастайынан тұлға болып қалыптасып осы өмірде өз орнын таба білу үшінде кітап оқудың рөлі маңызды.