2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда оңалтуды қоса алғанда, медициналық көмектің барлық түрлерін қамтитын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ММС) жүйесі жұмыс істейді.
ММС балалар мен жасөспірімдерге не ұсынады? Елде 61 медициналық мекеме жұмыс істейді, онда балалар оңалтудан өте алады. Республикалық деңгейде медициналық оңалтуды 3 кезең бойынша жүргізетін – Ұлттық балаларды оңалту орталығы (ҰБОО).
Ұлттық балаларды оңалту орталығы церебральды сал ауруы, аутизм, сөйлеу дамуының кешігуі сияқты нейропсихиатриялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ жарақаттардан, операциялардан және созылмалы аурулардан, соның ішінде Даун синдромынан және басқа да бұзылулардан кейін қолдау көрсетеді. Оңалту ММС жүйесі бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өткен жылдың деректері бойынша:
– ММС шеңберінде ҰБОО – да 4412 бала оңалтудан өтті, оның ішінде 844 бала инклюзивті біліммен қамтылды.
– Толық оңалту курсының орташа құны (24 күн) шамамен 774 мың теңгені құрайды.
– Орталыққа айналым сайын (заезд) шамамен 600 адам (300 бала және оларға 300 күтім көрсететін адам) келеді.
Оңалту процесі: әр пациент 10-ға жуық көпсалалы топ мамандарынан қызмет алады, оған шамамен 16 түрлі қызмет кіреді, орташа есеппен 115-тен 130-ға дейін процедурадан өтеді.
Біз ММС және өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, медициналық көмекті Қазақстанның балалары мен жасөспірімдері үшін қолжетімді әрі тиімді етуге тырысамыз.