Бұл музыкалық орталықтар барлық бөлімдерге, музыкалық терапия кабинеттеріне таратылды. Біздің кішкентай пациенттеріміз жаңа құрылғыларды үлкен қуанышпен ән айтып қолдана бастады. Осындай сыйлықтардың арқасында балалар өздерінің таланттарын одан әрі дамытып, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Біздің орталықта сөйлеу бұзылыстарын түзету үшін музыкалық терапия қолданылады. Бұл әдіс мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-мәдени оңалтудың негізгі бағыты болып табылады.
Сондай-ақ логопедиялық проблемалары бар және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың дамуына және олардың эмоционалды жағдайын жақсартуға көмектеседі.
АЙНҰР КЕЛТІРҚЫЗЫНА ЖОМАРТТЫҒЫ МЕН ҚОЛДАУЫ ҮШІН РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ! БАЛАЛАРДЫҢ ӘР КҮНІ МУЗЫКА МЕН ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ БОЛҒАЙ.