02.09.2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйледі. Президент орта мерзімді кезеңге арналған жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі, жаңа міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.
Президент ұлт денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажеттігін атап өтті. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу Денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар берді, бірақ қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелер әлі де бар. Президент базалық медициналық көмектің бірыңғай пакетін құруға және бірыңғай медициналық ақпараттық жүйені енгізуге, сондай-ақ жеке инвестицияларды белсенді тартуға және медициналық білім беруді жақсартуға шақырды.
Жолдаудың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында танысуға болады https://www.akorda.kz