Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында орталық аумағына 60 тан астам ағаш отырғызды.
Акцияның мақсаты ағаштарды отырғызу ғана емес, сонымен қатар балаларға қоршаған ортаны, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсету.
“Біздің Орталық балаларды экологиялық тәрбиелеу бағытында белсенді жұмыс істейді және бұл ағаш отырғызу акциясы өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі болады. Біздер пациенттер мен олардың ата-аналары демалатын аллеяны безендірдік. Ағаш отырғызу экология үшін пайдалы, сонымен қатар оңалтудың бір бөлігі болып табылады. Біз көгалдандыруды қолдаймыз, экологияны жақсартамыз”, – деді ҰБОО басқарма төрағасы Ажар Ғиният.
Ағаштар денсаулықты нығайтуға, психикалық бұзылуларды емдеуге, метаболизмді жақсартуға, бас ауруын, стресстің жағымсыз әсерін азайтуға, сондай-ақ әртүрлі ауруларға профилактика ретінде көмек көрсетеді.
Ажар Ғиният Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы атынан іс – шараның демеушілері-Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Астана қаласының Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұловқа орталыққа берген ағаштар үшін зор алғысын білдіреді.