Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы ҰБОО-на жұмыс сапармен келді

Бүгін КеаҚ «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» алғашқы рет жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Елдік кеңсесінің басшысы, доктор Скендер Сыла мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиният қонақты орталықтың көпсалалы командасының жұмысымен, оның ішінде орталықтың маңызды бөлімдері: бассейн, роботтандырылған оңалту зертханасы, жаңа цифрлық жабдық «D-WALL ELITE», қысқы бақ, «Бөбек» бөлімшесі, тұзды үңгір, әлеуметтік-педагогикалық оңалту бөлімі, автодром және моделдеу мен ортездер зертханасымен таныстырды.

Доктор Скендер Сыла Ажар Ғиниятқа ДДСҰ-ның 73-ші Еуропалық өңірлік комитет сессиясын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясына арналған доктор Ханс Клюге атынан естелік медалімен марапаттады.

Сапар барысында екі тарап арасындағы одан әрі ынтымақтастықты нығайту мәселелері, соның ішінде орталық мамандарының біліктілігін арттыру және Қазақстанда оңалтуға арналған көмек көрсету бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.