ҰБОО әйелдер волейбол командасы Астана қаласының 25 медициналық ұйымының қызметкерлері арасында 1 орынды иеленді

Бүгін елордалық «Аспан» спорт кешенінде Астана қаласының 25 медициналық ұйым қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

Спартакиаданы «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының елордалық филиалы мен Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырды.

Іс-шара денсаулық сақтау қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау және «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасын жүзеге асыру, денсаулық сақтау ұжымдары арасындағы достық спорттық байланысты нығайту, қалалық жарыстарға қатысатын мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізілуде.

ҰБОО әйелдер командасының атынан орталық мейіргерлері Сымбат Әбенқызы, Аружан Жанарбекова, Махаббат Шаймерденова, диетолог Сәуле Жаныбекова, дефектолог Гүлзат Маратова, педиатр Анара Ташева, логопед Әлия Саттарова, невропатологтар Ұлжанай Саттарова және Перденгүл Орынқызы қатысты.

Жеңіс үшін тартыс 25 команда арасында өтті. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, орталық қызметкерлері денсаулықты сауықтыру мақсатында демалуға уақыт табады, олар әрқашан спорттық және мәдени шараларға белсенді қатысады;

Ойын қызықты өтті, медицина қызметкерлері бір-біріне құрметпен қарап, спорттық этиканы сақтады. Финалдық ойын нәтижесінде жүлделер келесідей бөлінді:

1 орын – Ұлттық балаларды оңалту орталығы

2 орын – Қалалық жедел жәрдем станциясы

ІІІ орын – №1 көпсалалы қалалық аурухана

Орталығымыздың волейболдан әйелдер командасын жеңісімен құттықтаймыз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз! Зор денсаулық, спортта үлкен жетістіктер және шығармашылық табыс тілейміз.