Бүгін Республика күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығында (ҰБОО) “D-WALL ELITE” инновациялық цифрлық жабдығы бар постурография кабинетінің, тұзды үңгір мен фитобардың салтанатты ашылуы өтті🇰🇿
Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев пен Вера Ким, “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, “Есіл” және “Өркениет” филиалының Атқарушы хатшысы Санира Жүсіпова, “Самұрық-Қазына” АҚ Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директоры Альфия Адиева, “Нұра” ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Қонақтарға спортзалға, роботталған оңалту зертханасы мен физиотерапия бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия аясында “Жеңіс” футбол командасының футболшысы Ажар Ғиниятқа доп пен ойыншылардың қолтаңбасы бар футболка сыйлады. Ол бұл сыйлықты ерекше балаға беріп, оның көңіл-күйін көтеріп, одан әрі жетістіктерге шабыттандырды.
✔️Құны 73 миллион теңге тұратын “Samruk-Kazyna Trust”-тен алынған “D-WALL ELITE” цифрлық жабдығы бар постурография кабинеті салтанатты түрде ашылды. Бұл жабдық орталықтың оңалту қызметтерін айтарлықтай жақсартады және церебральды сал ауруымен, аутизммен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді емдеу сапасын арттырады. “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директоры Альфия Адиева жабдықтың сертификатын тапсырып, барлық қатысушыларды маңызды оқиғамен құттықтады.
✔️Сондай-ақ, “AMANAT” партиясы мен Ідіріс Орынбасар атындағы жеке қордың қолдауының арқасында керемет сыйлық тұз үңгірінің ашылуы өтті. Қызыл лентаны Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Орынбасаров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким қиды. Тұз үңгірі тыныс алуды, теріні жақсартуға, аллергия мен стрессті азайтуға көмектеседі, ЖРВИ, бронхит, бронх демікпесі бар науқастарды оңалтуда тиімді.
✔️ҰБОО-да алғаш рет фитобар ашылды. Фитобарда пациенттерге профилактикалық және иммунитетті көтеру мақсатында емдік шайлар мен оттегі коктейльдері ұсынылады.
Іс-шара соңында ҰБОО-да оңалту кезінде аяғын басқан үш баланың “Тұсаукесер” рәсімі өткізілді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және “Есіл” аудандық филиалының және “AMANAT” партиясының “Өркениет” филиалының Атқарушы хатшысы Санира Жүсіпова олардың тұсауын кесті. Олар балаларға зор денсаулық тіледі.
Ажар Ғиният барлық қонақтарға қолдау көрсетіп, ерекше балаларға қамқорлық жасағаны және Орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Іс-шараға орталыққа белсенді көмек көрсететін басқа да демеушілер қатысты, олар да ынтымақтастықта болуға және көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Іс-шара орталықтың аумағына ағаш отырғызумен аяқталды, бұл біздің балаларымыздың болашағына деген жаңа бастамалар мен қамқорлықты білдіреді.