6-8 ақпан аралығында Ұлттық балалар оңалту орталығында қызметкерлерге арналған оқыту семинары өтуде. Іс-шара Булат Өтемұратов Қорының қолдауымен жасалған меморандум аясында ұйымдастырылды.
Қор 2015 жылдан бері «Аутизм. Баршаға ортақ әлем» бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді. «Асыл Мирас» орталықтары осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 14 000-нан астам балаға көмек көрсетті. Бағдарламаның мақсаты – аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған озық қолдау жүйесін дамыту және енгізу.
Қолданылатын әдістер халықаралық стандарттарға сай. Әр жылдары д-р Джеймс Партингтон, д-р Кони Касари, д-р Сет Кларк сынды әлемдік сарапшылар мамандарды оқытқан. Бүгінде Алматы қаласының Ресурстық орталығының менторлары біздің неврологтар мен түзету педагогтарымен тәжірибе алмасуда.
Біз жаңа көзқараспен, жаңа бағыттармен жұмысты жалғастырудамыз!