Ұлттық балаларды оңалту орталығына Қытай Халық Республикасының делегаттары келді

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Астана қаласының жетекші медициналық орталықтарын таныстыру  мақсатында Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырған “Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ Қытай Халық Республикасының делегаттары келді.

Делегация құрамында Орталық Азия бойынша Медициналық туризмді дамыту жетекшісі – Han Cunren, сондай – ақ медициналық туризм менеджері-Liu Cuiyan, Ou Congyong, Zhang Xiaoyu болды.

Қонақтарға Басқарушы директор С. Амангелдіқызы және клиникалық оңалту жетекшісі М. Агланбекова орталықта экскурсия жүргізді.

Делегаттар орталықтың бірегейлігін және оңалту қызметтерін көрсету жоғары деңгейде деп атап өтті.