Ұлттық балаларды оңалту орталығының “AMANAT ” партиясының мүшелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Таза Қазақстан” бастамасы аясында “Таза бейсенбі” акциясына қатысты.
Акцияға қатысушылар өзен арналарын, қалалық жағажайлар мен қала маңындағы аумақтарды тазалап, жүзден астам қап қоқыс шығарды. Таза бейсенбі экологиялық акциясы тұрақты болады, енді партия мүшелері апта сайын тазалауға шығады.
Біз табиғатқа жаны ашитын қазақстандықтарды осы акцияға қосылуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Бәріміз бірге біз өз елімізді таза және жасыл ете аламыз!