Ұлттық балаларды оңалту орталығының аумағында әдемі және жайлы демалатын самалжай пайда болды

Ұлттық балаларды оңалту орталығының ұжымы атынан Басқарма Төрағасы Ажар Ғиният “Ottobock Kazakhstan” компаниясының техникалық оңалту құралдарын іріктеу орталығының басшысы Мадина Аманжановна Ибрагимоваға демеушілік көмек көрсетіп, балаларға арналған демалатын самалжай үшін зор алғыс білдіреді.

Сіздің көмегіңіздің арқасында біздің пациенттер бос уақытын таза ауада, аулада өткізе алады. Балалар жаз бойы көшеде күн сәулесінен демалып, шатыр астында кітап оқуға, шахмат ойнауға, сүйікті хоббиімен айналысуға, сондай-ақ достарымен уақыт өткізуге болады.

Сіздің қолдауыңызбен бізде балаларға демалуға тамаша орын пайда болды. Шексіз алғысымызды білдіреміз.