ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы Қаулыға қол қойды.
Осы қаулы аясында 2024 жылдың 19 қыркүйегінде Ұлттық балаларды оңалту орталығының 150-ден астам қызметкері тікелей жұмыс орнында тұмауға қарсы вакцинациядан өтті. Процедураны мұқият тексеруден кейін “№ 4 қалалық емхананың” жедел – шығу бригадасы жүргізді.
💉Медицина қызметкерлері ресейлік “Гриппол Плюс” вакцинасын алды.
Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің меңгерушісі Жүзім Тащанова: «ҰБОО-да тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатқаны өте жақсы. Мен өзім 6 жылдан бері үнемі вакцина алып келемін. Біздің орталықта балалар оңалтылады, сондықтан біз балаларға ауру жұқтырмас үшін алдын-алу шараларын жүргізуіміз керек».
Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы вакцинация — өзіңізді вирустан және оның асқынуларынан қорғаудың ең тиімді әдісі.
Тұмау, ЖРВИ, КВИ алдын алу үшін:
– Бөлмелерді үнемі желдетіп отырыңыз.
– Қолды емдеу үшін антисептикалық құралдарды қолданыңыз.
– Ауру адамдармен байланысты шектеңіз.
– Ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде маскаларды қолданыңыз.
– Уақытылы медициналық көмекке жүгініңіз.
Денсаулығыңызды күтіңіз!