Мүгедек балалардың өмірі туралы “Шектеусіз үміт” атты фильмі

2024 жылғы 3 желтоқсанда Халықаралық мүгедектер күніне орай автор және продюсер Данияр Валиулланың мүгедек балалардың өмірі туралы “Шектеусіз үміт” атты деректі қысқа метражды фильмінің көрсетілімі өтті.

Ұйымдастырушы – Астана қаласының “ДОС “Тәуелсіз өмір” орталығының мүгедектер қоғамдық бірлестігі.

Көрсетілімнің мақсаты- ерекше балалардың осал жағдайына назар аудару, қоғамның мүгедек балаларға және олардың отбасыларына деген көзқарасын өзгерту, сондай-ақ адами қасиеттерді қалыптастыру үшін сананы өзгерту.

“Шектеусіз үміт” фильмі Калифорниядағы Best Shorts Competition қысқа метражды фильмдер фестивалінде (АҚШ, қыркүйек 2024) екі номинация бойынша жүлдегер атанды: «Үздік деректі қысқа метражды фильм» және «Балалар мүгедектігі мәселесін баяндайтын үздік фильм».

Іс-шараға ҰБОО Басқарма төрағасының орынбасары Лариса Павловец және медициналық туризм және сервис бөлімінің бастығы Гүлжайна Тулбаева қатысты.

Бұл шара қоғамның белсенді және толыққанды мүшелері ретінде мүгедектігі бар балалар мен адамдар туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға, сондай-ақ қазақстандық деректі фильмдерді насихаттауға бағытталған.

6 желтоқсан күні сағат 15:00-де орталықта пациенттердің ата-аналары мен қызметкерлеріне арналған “Шектеусіз үміт” фильмінің көрсетілімі өтеді.