2024 жылғы 22 сәуірде «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ жұмыс сапарымен психомоторлық оңалтудың жоғары институтының бас директоры – ISPR, (Париж) Марк Субиран және ҚР Франция Елшілігінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Александра Тиркюир Менс келді.
Психомоторлық оңалтудың жоғары институтымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында ISPR Франциядағы тараптардың көпсалалы тобының мамандарын оқытуды талқылады.
ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қонақтарды құттықтап, шарт шеңберінде іс-шаралардың жүзеге асыру барысымен бөлісті. Кездесуге ғылым және білім басқармасының басшысы Бағдат Имашева, Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Лариса Павловец қатысты.
Бұдан әрі «Ақ жол» психоневрологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Меруерт Ағланбекова қонақтарға бөлімде таныстыру экскурсиясын өткізіп, пациенттермен дәрігерлердің командалық жұмысы туралы тәжірибемен бөлісті.
Жақын арада психомоторлық терапияның ҰБОО дәрігерлерін оқыту, оларға балалар мен ересектердегі түрлі патологиялар кезінде толық түсінік пен пайым беру жоспарлануда. Терапияның бұл әдісі аутизмнің жоғары функционалды формалары, церебральды сал ауруындағы когнитивті және моторлық бұзылулар, сондай-ақ Альцгеймер, Паркинсон және басқа да дегенеративті ауруларға тән бұзылулар сияқты жағдайларды түзетуге мүмкіндік береді.
Психомоторлық оңалтудың жоғары институты – ISPR, Францияда орналасқан, психомоторлық терапевттерді даярлау және кәсіптік оқыту саласындағы алғашқы және әлемдік көшбасшы болып табылады.