Шекарасыз мәдениет: балаларға арналған ұмытылмас концерт

2024 жылғы 27 қазан күні Ұлттық балаларды оңалту орталығының қызметкерлерінің балалары «Астана опера» театрында болған «Музыка әлемінде» атты концертке қатысты. Бұл шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Шекарасыз мәдениет» акциясы аясында өтті.

2024 жылдың 13 қазанынан 31 желтоқсанына дейін I, II және III топтағы мүгедектігі бар балалар мен ересек қазақстандықтар мемлекеттік мәдениет және ойын-сауық шараларына тегін қатыса алады.

Акцияның мақсаты — мәдениетті баршаға қолжетімді ету, мүмкіндігі шектеулі бар адамдардың еліміздің мәдени өміріне интеграциялау және олардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Концерт барысында жас көрермендер симфониялық оркестрдің вокалдық дауыстарымен және аспаптарымен танысып, ұлттық және әлемдік классиканың туындыларын тыңдады. Музыка оларды барокко және классицизм дәуірлеріне алып барып, веналық орманға романтикалық саяхат жасауға және Ұлы далаға өзінің туған өлкесіне оралуға мүмкіндік берді.

Бұл акция мүмкіндігі шектеулі балаларға музыканың ғажайып әлемін ашып, оларды мәдени өмірдің бір бөлігі болуға шақырады.