ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 1 наурыздағы №131 “Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы” бұйрығын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 22-24 сәуірінде Ұлттық балаларды оңалту орталығы №5 “Балбұлақ” психоневрологиялық бөлімінің меңгерушісі Кенжебекова Мейрамгүл Өміртайқызы Шымкент қаласының “Мейірім”, “Ана мен бала” оңалту орталықтарына, “Қамқорлық” ерте араласу орталығына, № 7 Қалалық емхана, Эскулап-Vita “Алтын бала” медициналық орталықтарына барды.
Сапар барысында ол материалдық-техникалық базаның жабдықталуын, көпсалалы топтардың жинақталуын, балаларға оңалту көмегін көрсету шарттарын қоса алғанда, ағымдағы жағдайды тексеріп және оңалту орталықтарында ем алатын балаларға консультациялық көмек көрсетті, ұсыныстар берді.
2024 жылдың 24 сәуірінде Мейрамгүл Кенжебекова Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, ДСБ бас штаттан тыс оңалтушысының, балаларға оңалту көмегін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін, соның ішінде проблемалық мәселелерді және Шымкент қаласынан ҰБОО-ға балаларды емдеуге жатқызу кезінде анықталған ақауларды талқылау бойынша балаларға оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелге қатысты.
Мейрамгүл Кенжебекова оңалту орталықтарының мультидисциплинарлық тобының, қалалық/аудандық деңгейдегі оңалту бөлімшелерінің, балаларға оңалту көмегін көрсететін МСАК ұйымдарының мамандары үшін екі оқыту іс-шарасы өткізілді: «Балалар жасындағы ботулинотерапия» тақырыбында дәріс және мастер-класс.
Балаларға оңалту көмегінің сапасын жақсарту мақсатында медициналық ұйымдар арасында тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу Денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Сапар нәтижелері мен өткізілген іс-шаралар жемісін беріп, Шымкент қаласындағы балаларға медициналық көмек көрсету жағдайларын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз.