3-4 ақпанда Ұлттық Балалар Оңалту Орталығына Түркістан облысынан «Ақбулак» оңалту орталығының өкілдері – “Оңалту” оңалту орталықтары қауымдастығының мүшелері келді.
Дәрігерлер мен мамандар оңалту саласындағы тәжірибе алмасу, заманауи әдістерді талқылау және пациенттерді қалпына келтіру тәсілдерін жетілдіру үшін жиналды. Оңалту орталықтарының өзара ынтымақтастығы озық технологияларды енгізуге және балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық Балалар Оңалту Орталығы Қазақстандағы оңалту мекемелерін дамыту үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуді жалғастырып, балалардың денсаулығын қалпына келтіруде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында елдің түкпір-түкпіріндегі мамандардың күш-жігерін біріктіруде.