“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік

Ұлттық балаларды оңалту орталығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдайды.

Бүгін сенбілікте қызметкерлер орталықтың аумағын ғана емес, сонымен қатар қаланы да қоқыстан тазартты👏🏻

Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру🙏🏻