«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға паллиативті көмек қалай көрсетеді» тақырыбында семинар өтті.

2024 жылдың 12 шілдесінде «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ, «Мамандардың біліктілігін арттыру орталығы» ЖШС және Астана қаласы әкімдігінің «Жансая «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ұйымдастырған маңызды семинар өтті.

Іс-шара аутизм спектрінің бұзылуы бар, Даун синдромы, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған (паллиативті балалар) 1,5 пен 18 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы балаларды қоса алғанда, әртүрлі жағдайлары бар балаларды күтумен айналысатын әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ұйымдастырылды.

Физикалық медицина және оңалту дәрігері, Ұлттық балаларды оңалту орталығының Бобат терапевті Гүлжан Ақаралқызы Шалбарбаева “Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға паллиативті көмек қалай көрсетеді және қалай олармен жұмыс істеу керек. Оларға күтім жасау ” туралы ақыл кеңестерімен бөлісті.

Іс-шарада келесі маңызды аспектілер талқыланды:

  1. Паллиативті күтімді қажет ететін тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға күтім жасау ерекшеліктері.
  2. Ұзақ мерзімді күтім жағдайындағы балалар мен олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсету.
  3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен жұмыс істеудің коммуникациялық және өзара әрекеттесу аспектілері.
  4. Мұндай балаларды қолдауға Медициналық және әлеуметтік араласудың мүмкіндіктері мен шектеулері.

Бұл тақырып әлеуметтік қызметкерлерді жағдайы ерекше назар аударуды және қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған.

Біз барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға маңызды семинар үшін алғыс айтамыз және семинарда алған білім балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз.