1 қыркүйек — Білім күні

🎒📚 Білім күніне орай Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімшілігі 1 сынып оқушыларына оқу құралдармен тола сөмке сыйлады! 🌟

Бүгін Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімшілігі орталықтың пациенттеріне — 1 сынып оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдармен тола сөмке сыйлады. 🎒✏️

Бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында керемет көңіл-күй сыйлап, оқушыларды қажет-жарағымен қамтып, демеушілік көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз! 🌟

Сонымен қатар, Білім күніне орай Ұлттық балаларды оңалту орталығына демеуші Рашид Серікұлы Тұмарбаев пен оның отбасы пациенттерге екі орындық велосипедтер сыйлады🎁 🚲 

Велосипедтер автодромда инспектордың бақылауымен белсенді пайдаланылатын болады, онда балаларға жол қозғалысы ережесі бойынша сабақтар өтеді. Бұл сабақтар маңызды қауіпсіздік дағдыларын үйренуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар ұсақ және жалпы моториканы дамытады, аяқ пен қол бұлшықеттерін күшейтеді.

Кішкентай пациенттеріміздің дамуы мен бақытына қосқан осындай керемет үлесі үшін Рашид Серікұлына зор алғысымызды білдіреміз!