📌 Жылдық қорытынды: 98%-дан жоғары нәтиже көрсетті 🤩
Орталық жыл санап даму үстінде.
✅ Жоғары және көпсалалы оңалту мамандары әр балаға оның ауруының диагнозы мен ерекшеліктеріне байланысты жеке күтім жүргізді.
✅ Орталықта қаралған емделушілеріміздің 94 пайызы қызметімізге оң бағасын берді.
🔬 2024 жылы қайырымдылық қорлары арқылы соңғы инновациялық жабдықтармен қамтылды.
📌 Медициналық және педогогикалық бағыттар бойынша 15 білім беру бағдарламасы әзірленді, оның ішінде 7-і ақпараттық жүйелерге, яғни білім беру бағдарламаларының каталогына енгізілді. Еліміздің 20 өңірінен 331 көпсалалы оңалту маманы оқытылды.
⛵️Тәжірибе алмасу мақсатында 3 дәрігеріміз Сиань клиникасында (Қытай) және 1 дәрігеріміз жоғары психомоторлық терапия институтында (Франция) білім алды.
🏥 Медициналық мекемелермен өзара тәжірибе алмасу дәрігердің кәсіби біліктілігін шыңдаудың маңызды қадамы болып табылады. Бұл пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар балаларды оңалту мақсатындағы ем-шаралардың жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
🤝 Біздің орталық балаларға ғана емес, қолдауды қажет ететін олардың ата-аналарына да пайдалы болатынына сенімдіміз.