📌2025 жылдың 9 қаңтарында жұмыс сапарымен бір топ Мәжіліс депутаттары Казанцев Павел, Нұртаза Самат, Мұқаев Дәулет және «Аманат» партиясының Есіл аудандық филиалының төрағасы Жүсіпова Санира жылдағы кезекті өндірістік және әлеуметтік нысандармен танысу мақсатында КеАҚ «Ұлттық балаларды оңалту орталығында» атқарылып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет алды.
Халық қалаулылары ата-аналар және балалармен кездесіп, орталықтағы өзекті мәселелерге назар аударды. Ем алушылардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, қолдау білдірді. Аталмаш мекемеде ақ халатты абзал жандарды толғандырып жүрген мәселелерді қарастырып, ҰБОО ұжымын ортақ мәселелерге түсінік берді. Депуттар мен партия мүшелері орталықтағы жаңа инновациялық технологиялардың балалардың игілігі үшін маңыздылығын көрді.
Кездесу барысында ана мен бала мәселесі және жергілікті халықпен әлеуметтік ахуалды оңалтуға қатысты қордаланған проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
Медицина қызметкерлері депутаттарға дәрігерлердің әлеуметтік қорғалуының төмендігін жеткізіп, дәрігер және педагогтар мәртебесінің қоғамдағы беделінің төмендеуі, еңбек ақыларының мөлшерінің аздығы, үй алу мәселесі арнайы медицина қызметкерлерге қарастырылмағаны және медициналық мекемелерде педагогтар мен медбикелердің аттестаттаудан өтуі күрделілігі, оларды әлеуметтік жағынан қорғауға қатысты нақты шараларын анықтау қажеттігін айтты.
Мәжіліс депуттарының осындай кездесулеріне қарап, халықтың талап-тілектері мен оларға тиісті шешілмей жатқан түрлі мәселелер болашақта ел билігіне уақытылы жетіп, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейінің көтерілуіне зор пайдасын тигізетін болады деп сенгіміз келеді.