2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ-да «Адаптивті дене шынықтыру және Бобат терапиясының элементтері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтті.
Оқытудың мақсаты – адаптивті дене шынықтыру саласындағы медициналық оңалту дағдыларын жетілдіру және Бобат-терапиясының элементтерін енгізу. Курсқа Астана, Алматы, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарынан келген ЕДШ нұсқаушылары қатысты.
Бағдарлама оқытудың әртүрлі кезеңдерінде білімді бағалайтын теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар белгіленген үлгідегі куәліктерді алды.
Басқарма төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А. Т. Алтынбекова қатысушыларды оқуды сәтті аяқтауымен құттықтап, салтанатты жағдайда куәліктерді табыс етті.
Тыңдаушылар ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге осы құнды курстан өту мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Жаңа білім біздің нұсқаушыларға оңалту саласында пациенттерге одан да жақсы көмек көрсетуге көмектесетініне сенімдіміз!