Бүгін халық штабының мүшелері — Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Юлия Кучинская, Екатерина Смышляева, Мәслихат депутаты Мәдина Әжікенова, сондай-ақ басқа да сарапшылар Ұлттық балаларды оңалту орталығында кездесу өткізді.
Орталықтың медицина қызметкерлерімен кездесуде атом электр станциясын салу бойынша алдағы референдумға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Орталық қызметкерлері атомды пайдалану ерекшеліктері және атом энергетикасын дамытудың заманауи үрдістері туралы ақпарат алды.
Өткізілген түсіндіру жұмыстар қатысушыларға осы мәселенің маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесті. ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният халықтық штаб мүшелеріне осы түсіністікке ықпал еткендері үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Әркімнің дауысы маңызды✅