«AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалының XXVI-шы кезектен тыс қорытынды конференциясы.

Бүгін «EXPO» көрме орталығында «AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалының XXVI-шы кезектен тыс қорытынды конференциясы өтті.

Іс-шараға түрлі бастауыш партиялық ұйымдардың өкілдері қатысты. Есіл аудандық партия филиалының және «Өркениет» филиалының атқарушы хатшысы Санира Жүсіпова өткен кезеңдегі жеткен жетістіктері мен негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндама жасады.

ҰБОО Басқарма төрағасының орынбасары Лариса Павловец 2024 жылдағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті:

– Ұлттық балаларды оңалту орталығы «AMANAT» партиясында өз қатарын белсенді түрде нығайтуда. Осы жылы орталықтың 100 қызметкері партия мүшелігіне қабылданды!

Конференцияда партияның 7 жаңа мүшесіне — орталықтың қызметкерлеріне партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді. Бұл олардың қоғамдық және саяси өмірге қатысуына маңызды қадам!