Бүгін Ұлттық балаларды оңалту орталығында «Монтессори – еркіндік алаңы» педагогтарының бірлестігінің апталығы басталды!

Апта бойы 0-6 жастағы балаларға монтессори бойынша ашық сабақтар мен шеберлік сабақтары өтеді. Монтессори әдістемесі балалардың назарын, шығармашылық және логикалық ойлауын, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын және моториканы дамытуға көмектеседі.

Бұл әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге көмектесетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға ерекше мән береді. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға, топта да, жеке де жұмыс жасауға, таңдау жасай білуге және өз уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе 100 жыл бұрын Италияда медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел Мария Монтессори ойлап тапқан. Ол балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау, зейін, ерік-жігер, зердесін, байқағыштығын дамытуға бағытталған.

Балалар математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруды, салыстыруды, ажыратуды, кеңістік пен уақытты бағдарлауды үйренеді.

Біз балалардың дамуына бірге үлес қосуға қуаныштымыз!