2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында “Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ-да “Эпилепсияны диагностикалау және емдеу, Эпилепсия және басқа неврологиялық бұзылулар үшін кетогендік диетаны қолдану” тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтті.
Оқытудың мақсаты ғылымның заманауи жетістіктері мен дәлелді медицина принциптеріне сәйкес келетін эпилепсия мен басқа неврологиялық бұзылуларды емдеу әдісі ретінде кетогендік диетаны енгізудің альтернативті технологияларын игеру болды.
Курс тыңдаушылары біздің Орталықта жұмыс істейтін функционалдық диагностика дәрігерлері, неврологтар мен педиатрлар болды. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтарды, білімді бағалауды және алған дағдыларын көрсетуді қамтыды.
Курс аяқталғаннан кейін курсанттар Басқарма төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А. Т. Алтынбековадан белгіленген үлгідегі куәлік алды.
Тыңдаушылар ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге өздерінің кәсіби тәжірибелерінде қолданатын жаға дағдыны меңгерген осы құнды курстан өту мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Алған білімдерін біздің мамандар эпилепсиямен және басқа да неврологиялық бұзылулармен ауыратын пациенттерге сапалы және инновациялық көмек көрсетуде қолданатынына сенімдіміз.