ҰБОО дәрігерлері Сиань ДҚМ (дәстүрлі қытай медицина) ауруханасында оқыды

2024 жылғы 11-28 қазан аралығында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ мен «Сиань ми ауруларын емдеу жөніндегі ДҚМ ауруханасы» ЖШҚ (ҚХР) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде үш невролог-реабилитолог дәрігерлер: Абдулла Кудайбергенов, Мейрамгүл Кенжебекова және Орталықтың Қызылорда облысындағы филиалдың невропатологы Амандык Аскербеков Сиань ауруханасында екі апталық оқудан өтті.

Сиань ДҚМ ауруханасы  ҚХР-да ми ауруларын емдеуде көшбасшы болып табылатын жалғыз мамандандырылған аурухана.

Оқыту барысында дәрігерлер церебральды сал ауруы, деменция, аутизм, апоплексия, ми жарақаттары, эпилепсия, вегетативті жағдай, гидроцефалия, ми ісігі, бүйірлік амиотрофиялық склероз және т.б. ауруларды емдеуге арналған дәстүрлі қытай медицинасының (ДҚМ) әдістерімен танысты.

Бұл оқытудың мақсаты пациенттерімізге көрсетілетін оңалту көмегін жақсарту үшін Ұлттық балаларды оңалту орталығының тәжірибесіне ДҚМ әдістерін енгізу болып табылады. Оқыту бағдарламасы медицинаның әртүрлі салаларындағы сарапшылардың қатысуымен теориялық сабақтарды да, практикалық сессияларды да қамтыды.

Алынған білім мен дағды біздің Орталықта пациенттерді оңалту сапасын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз. Бұл Қазақстандағы медициналық қызметтерді жақсартуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жасалған маңызды қадам.