2024 жылдың 30 қыркүйегінен 18 қазанына дейін «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ «Емдік дене шынықтыру (Войта терапиясының элементтері, Бобат терапиясы, PNF терапиясы)» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі сәтті аяқталды.
Курс мақсаты – физикалық оңалту саласында білім мен дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ Войта терапиясы, Бобат терапиясы және PNF терапиясы сияқты қазіргі заманғы әдістерді тереңдетіп үйрету.
Бағдарламаның қатысушылары Астана, Шымкент, Абай, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген ЕДШ нұсқаушылары.
Оқыту теориялық және практикалық сабақтарды қамтып, білім деңгейін әр түрлі кезеңдерде бағалау, сондай-ақ меңгерілген дағдыларды көрсету болды. Курсты аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар бекітілген үлгідегі куәліктерді алды.
Салтанатты жағдайда Ғылым және білім басқармасының басшысы С.Б. Мукашева сөз сөйлеп, біліктілікті арттыру циклінің менторлары А.Е Искулова мен Г.Л. Жылқыбаев біліктілікті арттыру куәліктерін тапсырды.
Қатысушылар ұйымдастырушылар мен менторларға осы маңызды курсты өткізгендері үшін алғыс білдірді.
Біздің түлектеріміздің меңгерген білімдері мен дағдылары олардың кәсіби қызметінде көмектесетініне және физикалық оңалтудың дамуына үлес қосатынына сенімдіміз!