ҰБОО невропатолог дәрігері Алмагүл Алимжанова өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №131 «Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 19-20 маусымда ҰБОО невропатологы Алмагүл Кайролаевна Алимжанова балаларға медициналық оңалту көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына барды.

Сапар барысында ағымдағы ахуалға, материалдық-техникалық базаның жарақтандырылуына, балаларға оңалту көмегін көрсету шарттарына тексеру жүргізілді. Сондай-ақ оңалту орталықтарында ем алатын балаларға консультациялық көмек көрсетіп, ұсыныстар берілді.

Мультидисциплинарлық топтардың мамандары үшін өзекті тақырыптар бойынша білім беру семинарлары өткізілді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Бұл сапар балаларға медициналық оңалту көрсету сапасын жақсартуға және облыстың оңалту қызметінің кейбір проблемалық мәселелерін шешуге көмектесті. Біздің команда балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін емдеу және оңалту жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын.