ҰБОО және Шэньси провинциясының Денсаулық сақтау комитеті (ҚХР) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2024 жылғы 9 қарашада Шэньси провинциясының Денсаулық сақтау істері комитетінің 15 адамнан тұратын делегациясы, сондай-ақ госпиталь басшылары (ҚХР) Ұлттық балаларды оңалту орталығына келді.

Қонақтарды ҰБОО Басқарма төрағасы Ажар Ғиният қарсы алды, ол біздің орталыққа экскурсия жүргізіп, бассейн-роботтандырылған оңалту зертханасын, “D-WALL ELITE” функционалдық цифрлық тренажер кабинетін, кішкентай пациенттерге арналған “Бөбек” бөлімшесін, тұзды үңгірді және әлеуметтік-педагогикалық оңалту кабинеттерін көрсетті.

Кездесудің маңызды сәті “Ұлттық балаларды оңалту орталығы” КЕАҚ мен Қытай мен Қазақстанның дәстүрлі медицина орталығы (“Сиань клиникасы” ЖШС) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

🔹 Балаларды оңалту саласында тәжірибе алмасу,

🔹 Қытай және Батыс медицинасын интеграциялау бойынша мамандарды оқыту

🔹 Бірлесіп шеберлік сабақтар, семинарлар өткізу, ғылыми зерттеулер жүргізу.

Бұл серіктестік Қазақстан мен Қытайда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, оңалту және дәстүрлі медицина саласындағы білім беру және ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.