«Инклюзивті қоғам мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың ІІ-ші республикалық слеті» өтті.

2024 жылдың 13 желтоқсанында Астанада «Инклюзивті қоғам мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың ІІ-ші республикалық слеті» өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Слеттің мақсаты — инклюзия бойынша әлеуметтік жобалар саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар арасында диалог пен ынтымақтастық үшін алаң құру, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділік пен өмір сапасын арттыру бойынша тиімді шараларды әзірлеу және іске асыру.

Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі әлеуметтік бастамалар мен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалармен танысты. Айрықша назар инклюзия және басқа әлеуметтік жобалар саласында жұмыс істейтін мамандарға аударылды.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері, Мәжіліс пен Сенат депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және басқа да партиялардың өкілдері қатысты.

Ұлттық балаларды оңалту орталығынан слетке түзету-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Раиса Дунгулова мен әлеуметтік педагог Анара Кулахметова қатысты. Олар орталықтың ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру мен оңалтуын жақсартуға бағытталған шаралары туралы баяндады.

Бұл іс-шара әрбір балаға даму мен әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беретін инклюзивті қоғам құрудағы маңызды қадам болды.