«Логопедиялық массаж» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтті

2024 жылғы 7-11 қазан аралығында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ-да «Логопедиялық массаж» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтті. Оқытудың мақсаты логопедиялық массаж техникасын жетілдіру және түзетудің практикалық дағдыларын жетілдіру болды.

Оқытуға Астана, Шымкент, Жетісу, Түркістан және Қарағанды облыстарының логопедтері мен дефектологтары қатысты. Курс шеңберінде теориялық және практикалық сабақтар өткізілді, онда тыңдаушылар алған дағдыларын көрсетіп, өздерінің базалық, ағымдағы және қорытынды білім деңгейлерін бағалады.

Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылар белгіленген үлгідегі куәліктерді алды. Басқарма Төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары  А.Т. Алтынбекова курстың сәтті аяқталуымен құттықтап, оларға салтанатты түрде куәліктер табыс етті.

Тыңдаушылар ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге берілген мүмкіндік пен құнды білім үшін алғыстарын білдірді. Жаңа дағдылар олардың одан әрі кәсіби қызметіне көмектеседі деп үміттенеміз!